Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«№1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС!
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мектеп) бос тұрған 9 сағаттық көркем еңбек және технология пәні мұғалімі (ер балдарға) лауазымына тұрақты орналасуға конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі – 28.08.2024 – 03.09.2024 жыл. Конкурстық комиссия отырысы 03.09.24ж сағат 12:00 де.
1) Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогика және психология негіздерін,
дәрігерге дейінгі медициналық көмектің, экономиканың, еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе жоғарығы білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
Балаларды еңбекке баулу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды еңбекке баул
балаларды еңбекке баулу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды еңбекке баулу өзіндік әдістері болуға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығының
3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату тәртібі
1-Параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Электрондық немесе қағаз түрінде жолданатын құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Мектептің мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұр ауданы, Тұрбат а.о., Өндіріс елді мекені, С.Кенжегулов №18А ғимарат, Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Байланыс телефоны: 8775-921-66-85, 8776-295-28-93.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылады (оқу жүктемесіне, біліктілік деңгейіне, өтіліне қарай есептеледі).

© 2025 «№1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің