1969 жыл 13 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбат елді мекенінде дүниеге келген.
1976-1986 жылдар аралығында «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебін үздік оқып бітірген.
1986-1991 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жаратылыстану география факультетінің география-биология бөлімін оқып аяқтаған.
Еңбек жолын 1991-2010 жылдар аралығында «Еңбек» , «Қызылтаң» , «Қақпақ» жалпы орта мектебі және Т.Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінде география пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған.
2010-2014 жылдар аралығында Қазығұрт аудандық білім білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері қызметін атқарды.
2015 жылдан 2024 жылдың 28 сәуіріне дейін Қазығұрт ауданының білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы мектеп директоры лауазымдық қызметін атқарған.
2024 жылдың 29 сәуірінен Қазығұрт ауданының білім бөлімінен қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп директоры лауазымдық қызметіне тағайындалып, қызмет атқаруда.
Мақала
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, "№1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Турдалиева Багила Аширбековна
Кәсіби педогог қандай болу керек?
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады, – К. Д. Ушинский. Адам баласы қандай мамандық иесі болмасын, қандай да бір жерде жұмыс атқармасын өзінің кәсібінің майталманы болуы керек, ал маманының майталманы болу үшін не керек? Әуелі, еңбек керек, ізденіс керек, өзін- өзі жан жақты адам ретінде, тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден-бірі – мұғалім мамандығы.
Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагог-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс–тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Кәсібилік – ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт.
Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін–өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақсартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзіміз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – толғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалыптасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, педагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Он тоғызыншы ғасырдың ұлы неміс ғалымы, педагог Адольф Дистервег педагогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «Педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқаларды шынайы тәрбиелейді және білімдендіреді» деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетістіктерді күнделікті біліп отырмайтын педагог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педагогикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі.
Ол былай деген еді: «Мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев: «Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң – басқаларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді» деп бекер айтпаған.
Педагогтың өзін–өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі өзін–өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал образын тапқан дұрыс. Л.Н.Толстой мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орындау. Орындаған екенсің, оны жақсы деңгейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр».
Өзін–өзі тәрбиелеу үрдісінің сыртқы факторының біріне педагогикалық ұжымды жатқызуға болады. Егер педагог қызметтестері шығармашылық ізденіске жоғары назар аударып, оның тапқырлығына, жаңалықтарына шынайы қуанатын, педагогтың кәсіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық ортаға түссе, кәсіби идеалдың талаптарына сәйкестенуге тырысады. Ал керісінше, педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ болса, шығармашылық ізденіске немқұрайлы қараса, өзін–өзі жетілдіруге деген қажеттілік жоғалады.
Осындай құбылыс оқу орнының жетекшілеріне де байланысты. Педагогтың өзін–өзі білімденуі мен өзін–өзі жетілдіруіне деген қажеттіліктің болуы тікелей басшылыққа қатысты. Егер басшылар педагогтың жеткен жетістіктеріне шынайы қуанып, оны қолдап, ынталандырса, педагог тағы өзін–өзі тәрбиелеу қажеттілігі арта түседі. Келесі бір маңызды фактор – ол, уақыт. Ол педагогқа көркем әдебиетті, аралық басылымдарды оқу, мұражайларға, театр мен көрмелерге бару, танымдық фильмдер мен телебағдарламаларды көру және арнайы, психологиялық–педагогикалық әдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог күн тәртібін ұтымды жоспарлай білсе, уақытты үнемді пайдаланса, өзін–өзі білімдендіру үрдісін дамыта алады.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деп бекерге айтпаған. Ол үшін қазіргі таңда осыған сай жан-жақты, кәсіби дамыған, педагогикалық шеберлігі мықты тұлғаны қалыптастыру қажет деп айтқан болатын. Сондықтан да, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педагогикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелеп, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысуы қажет. Өз-өзімізді кәсіби дамыту да, тәрбиелеп жетілдіру де өз қолымызда. Алдымызда қол жеткізетін – мақсат, іске асыра алатын – мүмкіндік те, жағдай да бар. Тек осыны дұрыс жолға салып, биік шыңдардан көрініп, жетістіктерге жеткізетін жастарымыз көбейе берсін.
Миссия
Миссия: Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың оқып тәрбиеленуге барынша қолайлы жағдай жасау және оқыту мәдениетін қалыптастыру, икемділікті арттыру, тұрақты дамуға ықпал ету сапалы білім беру
Пайым: жаһандықбәсекеге қабілетті, әлемдегі өзгерістерге бейім, еліміздің тұтастығы мен даму мәселелерін шеше алатын тұлға
Қазақстандық зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және шығармашылық ахуалын дамытуға ықпал ету.
мектептің білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалану, қосымша білім беруді дамыту.
- әр оқушының дамуымен бойындағы қабілеттерін толық пайдалануға жағдай жасау;
- оқушылардың өзгерістерге тез бейімделулеріне атсалысу.
Дарынды
Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, тиімді және сапалы білім беру, оның тұтастығы мен даму мәселелерін шеше алатын Қазақстан патриоты – полимәдениетті, прагматикалық тұлғаны қалыптастыру.
- Дарынды мектеп-интернаттың түлектері – орнықты адамгершілік құндылығы қалыптасқан, ұлтжанды, өз елінің патриоты.
- Олар-үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылған, проблемаларын шеше алатын азаматтар.
- Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге белсене араласады.
- Мектеп түлектері еліміздің және шет елдердің жоғары оқу орындарына түсіп, мамандық алып, еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады.
- Мектеп педагогтері өз тәжірибелерін зерттейтін және оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізетін кәсіби мұғалімдерден тұрады.
- ДБАОММИ – әруақытта жан-жақты табысты мектеп.
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1.Тегі, аты, әкесінің аты: Турдалиева Багила Аширбековна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет): «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ККМ директоры
3. Жынысы: әйел
4. Туған жылы және туған жері: 13.02.1969 жыл
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбат ауылы.
5. Ұлты:қазақ
6. Білімі:жоғары, Қазақ Мемлекеттік қыздар институты. Жаратылыстану факультеті, география-биология бөлімі.
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: жоқ
9. Үйінің мекенжайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді – мекені, Ынтымақ көшесі № 43/А.
10. Жалпы жұмыс өтілі: 30 жыл.
11. Саладағы жұмыс өтілі: 30 жыл.
12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 7 жыл.
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды ескере отырып, балдары көрсетілген мінездеме.
Барлығы: ___________, оның ішінде:
1. 2015 жыл Алғыс хат Турдалиева Багила Аширбековнаға жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбие мен спортты дамытуға жастарға үлгі болып келе жатқан жөп жылғы еңбегі үшін, ОҚО Білім, Жастар саясаты және Тілдерді дамыту басқармасының «Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу- практикалық дене тәрбиесі орталығы» МКҚК директоры Ж. Ғ. Лебаевадан.
2. 2015 жыл Диплом «Ұлы Жеңістің 70- жылдығы мерекесіне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан ұстарзар (әйелдер) арасында өткен аудандық жарыста I –орын жеңіп алған «Комсомол» командасы ойыншысы Турдалиева Багила Аширбековнаға Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бастығы М. Тасқұловтан.
3. 2015 жыл Мадақтама Турдалиева Багила Аширбековнаға «8 наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесіне арналған волейболдан әйелдер арасында өткен дәстүрлі аудандық жарыста белсенді ойын көрсеткені үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ. Бұқаровтан.
4. 2015 жыл Алғыс хат Турдалиева Багила Аширбековнаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін, NIS директоры Е. Қасымбековтан
5. 2015 жыл Мақтау қағазы Турдалиева Багила Әшірбекқызына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінде 2015 жылдың 21 қаңтарында өткен он-лайн жүйесіндегі кәсіптік бағдар беру шараларын ұйымдастырғаны үшін География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы В.Г. Сальниковтан
6. 2017 жыл Құрмет грамотасы Турдалиева Багила Аширбековнаға Қазығұрт ауданының асыл азаматы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер»Шалқар Әшірбек Қанайұлын еске алуға арналғаг облыстық шахмат жарысының жоғары дәрежеде өтуіне ықпал еткені үшін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З. Махановадан марапатталды.
7. 2018 жыл Мадақтама Турдалиева Багила Әшірбекқызына жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Л.Т. Искаковадан марапатталды.
8. 2018 жыл I дәрежелі Диплом Турдалиева Багила Әшірбекқызына «Ең үздік әдістемелік басылымдар» атты облыстық сырттай байқаудың аудандық кезеңінде жүлделі орын алғаны үшін марапатталды.
9. 2019 жыл II дәрежелі Диплом Турдалиева Багила Әшірбекқызына Білім беру ұйымдарындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, ынталандыру және қолдау, үздік инновациялық менеджментті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Табысты менеджер – 2019» байқауының аудандық кезеңінде жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы А. Уисимбаевтан
10. 2019 жыл Алғыс хат Турдалиева Бағила Әшірбекқызына «Әкелер мектебі» жобасы аясында атқарған істеріңіз, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіңіз, кәсіби қызметтеріңіздегі жетістіктер мен жастарымызға шынайы патриоттық тәрбие берудегі ерен еңбегіңіз үшін, ізгі ниетпен Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаровтан
11. 2020 жыл Алғыс хат Турдалиева Багила Әшірбекқызына 2019-2020 оқу жылы барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, орын алған жағдайда әрекет ету және азаматтық қорғау саласы бойынша оқушылар мен ата-аналар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізгеніңізге, сонымен қатар «1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне» арналып өткізілген іс-шараларға белсенділік танытып, атсалысқаны үшін, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Жунусовтен.
12. 2021 жыл Мадақтама облыстық «Нәтижеге бағдарланған оқыту-білім сапасын арттыру негізі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақ көрсеткені үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысының әдістемелік орталығының директоры А.Турсынбаевтың.
13. 2021 жыл Алғыс хат аудандық «Нәтижеге бағдарланған оқыту-білім сапасын арттыру негізі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөлісіп, семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уисимбаевтың
14. 2021 жыл Турдалиева Багила Әшірбекқызы білім беру саласының дамуына қосқан сүбелі үлесіңізбен жас ұрпаққа білім беру мен рухани патриоттық тәрбие беру жолындағы ұстаздық елеулі еңбегіңіз үшін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің Алғыс хатмен.
15.Турдалиева Бағила Әшірбекқызы 2024 жылы Қызылқия ауылы округінің әкімінің атынан алғыс хатымен марапатталды.
16. 2024 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін және көптеген жылдар бойғы игі ісіңізге деген адалдығыңыз үшін «Түркістан облысы білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіпттік одағы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды.
17. 2023 жылы Түркістан облыстық филиалы «Аманат» партиясының алғыс хатымен марапатталды.
18. «BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН. Астана қаласы - 2023 жыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім беру саласының құрметті педагогы» атты республикалық байқауының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, өзіңіз басшылық жасап отырған білім беру мекемесінен Режепова Алима Илесовнаны біздің шараға қатыстырғаныңыз үшін Алғыс білдіреміз.
19. «BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН. Астана қаласы - 2023 жыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім беру саласының құрметті педагогы» атты республикалық байқауының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, өзіңіз басшылық жасап отырған білім беру мекемесінен Бейсебаева Сауле Тасбалтаевнаны біздің шараға қатыстырғаныңыз үшін Алғыс білдіреміз.
20. 2023 жылы Ардақты азамат,білікті ұстаз Қожабеков Мақамбетжан Ақбердіұлын есске алуға арналған мұғалімдер арасында футбол жіне волейболдан аймақтық турнирде белсенділік танытып, үлкен үлес қосқаны үшін білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.