ХАБАРЛАНДЫРУ 📢📢📢
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бұйрығын (бірлескен бұйрығымен) басшылыққа ала отырып Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "№1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс стажы кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күнінен бастап есептеледі. 16.08.2024 ж. – 23.08.2024 ж.
Электронды жолданатын немесе қағаз түрінде ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Мектептің мекен-жайы:
Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекені, С.Кенжегулов көшесі 18А, "№1 жалпы білім беретін мектеп" КММ;
Байланыс телефондары: +7776-295-28-93
Электронды почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.