Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«№1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

 

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Алжанов Кудияр Тургынович

2Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет): «№1 жалпы білім беретін мектеп» ККМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

3. Жынысы: еркек

4. Туған жылы және туған жері: 24.04.1972 жыл

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбат ауылы.

5. Ұлты:қазақ

6. Білімі:жоғары, көкшетау университеті

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: жоқ

9. Үйінің мекенжайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы, Өндіріс елді – мекені, С.Кенжеғұлов № 41.

10. Жалпы жұмыс өтілі: 20 жыл.

11. Саладағы жұмыс өтілі: 20 жыл.

12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 2 жыл.

13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды ескере отырып, балдары көрсетілген мінездеме.

1972 жыл 24 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбат елді мекенінде дүниеге келген.

1979-1987  жылдар аралығында «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебін   оқып бітірген.

1986-1990 жылдары Қазығұрт аудынында  кәсіптік литцеиде ағаш ұстасы бөлімінде оқып бітірген.

   1990-1992 жылдар аралығында  «Әскердә», «Қарағанды қаласында» атқарып өтім  Еңбек жолын «Қазығұрт аудандық»Саирам өгем  орман шаруашылығында орманшы  болып жұмыс жасаған.

2002-2006  жылдар аралығында  Көкшетау университінде пелагог-психолог сыртқы бөлімін бітірген.  

2005  жылдан 2022 жылдың 16  ақпан дейін «Таң бастауыш»мектебінде педагог-психолог маманы болып қызметін атқарған.

2022 жылдың 20 ақпан Қазығұрт ауданының  білім бөлімінен қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп педагог-психолог қызметіне   тағайындалып, қызмет атқарған.

 2024жылдың 19 кыркүйектен директордың  тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс жасауда.

 

                                                                       Мақала

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, "№1 жалпы  білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Алжанов Кудияр

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі  оның өз іс-әрекетін,мінез-құлқы бақылау,басқарып отыруға кедергі болуға,яғни өзінің іс-әрекетін қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды 

Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагог-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс–тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.

Кәсібилік – ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт.

Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін–өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.

Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақсартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзіміз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – толғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалыптасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, педагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.

Он тоғызыншы ғасырдың ұлы неміс ғалымы, педагог Адольф Дистервег педагогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «Педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқаларды шынайы тәрбиелейді және білімдендіреді» деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетістіктерді күнделікті біліп отырмайтын педагог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педагогикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі.

Ол былай деген еді: «Мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев: «Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң – басқаларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді» деп бекер айтпаған.

Педагогтың өзін–өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі өзін–өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал образын тапқан дұрыс. Л.Н.Толстой мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орындау. Орындаған екенсің, оны жақсы деңгейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр».

Өзін–өзі тәрбиелеу үрдісінің сыртқы факторының біріне педагогикалық ұжымды жатқызуға болады. Егер педагог қызметтестері шығармашылық ізденіске жоғары назар аударып, оның тапқырлығына, жаңалықтарына шынайы қуанатын, педагогтың кәсіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық ортаға түссе, кәсіби идеалдың талаптарына сәйкестенуге тырысады. Ал керісінше, педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ болса, шығармашылық ізденіске немқұрайлы қараса, өзін–өзі жетілдіруге деген қажеттілік жоғалады.

Осындай құбылыс оқу орнының жетекшілеріне де байланысты. Педагогтың өзін–өзі білімденуі мен өзін–өзі жетілдіруіне деген қажеттіліктің болуы тікелей басшылыққа қатысты. Егер басшылар педагогтың жеткен жетістіктеріне шынайы қуанып, оны қолдап, ынталандырса, педагог тағы өзін–өзі тәрбиелеу қажеттілігі арта түседі. Келесі бір маңызды фактор – ол, уақыт. Ол педагогқа көркем әдебиетті, аралық басылымдарды оқу, мұражайларға, театр мен көрмелерге бару, танымдық фильмдер мен телебағдарламаларды көру және арнайы, психологиялық–педагогикалық әдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог күн тәртібін ұтымды жоспарлай білсе, уақытты үнемді пайдаланса, өзін–өзі білімдендіру үрдісін дамыта алады.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деп бекерге айтпаған. Ол үшін қазіргі таңда осыған сай жан-жақты, кәсіби дамыған, педагогикалық  шеберлігі мықты тұлғаны қалыптастыру қажет деп айтқан болатын. Сондықтан да, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педагогикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелеп, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысуы қажет. Өз-өзімізді кәсіби дамыту да, тәрбиелеп жетілдіру де өз қолымызда. Алдымызда қол жеткізетін – мақсат, іске асыра алатын – мүмкіндік те, жағдай да бар. Тек осыны дұрыс жолға салып, биік шыңдардан көрініп, жетістіктерге жеткізетін жастарымыз көбейе берсін.

                                                                 

                                                                                                                                                                                                                                     

                                                             Миссия

Миссия: Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың оқып тәрбиеленуге барынша қолайлы жағдай жасау және оқыту мәдениетін қалыптастыру, икемділікті арттыру, тұрақты дамуға ықпал ету сапалы білім беру

Пайым: жаһандықбәсекеге қабілетті, әлемдегі өзгерістерге бейім, еліміздің тұтастығы мен даму мәселелерін шеше алатын тұлға

Қазақстандық зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және шығармашылық ахуалын дамытуға ықпал ету.

мектептің білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалану, қосымша білім беруді дамыту.

- әр оқушының дамуымен бойындағы қабілеттерін толық пайдалануға жағдай жасау;

- оқушылардың өзгерістерге тез бейімделулеріне атсалысу.

Дарынды

Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, тиімді және сапалы білім беру, оның тұтастығы мен даму мәселелерін шеше алатын Қазақстан патриоты – полимәдениетті, прагматикалық тұлғаны қалыптастыру.

  • Дарынды мектеп-интернаттың түлектері – орнықты адамгершілік құндылығы қалыптасқан, ұлтжанды, өз елінің патриоты.
  • Олар-үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылған, проблемаларын шеше алатын азаматтар.
  • Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге белсене араласады.
  • Мектеп түлектері еліміздің және шет елдердің жоғары оқу орындарына түсіп, мамандық алып, еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады.
  • Мектеп педагогтері өз тәжірибелерін зерттейтін және оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізетін кәсіби мұғалімдерден тұрады.

 

© 2025 «№1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің